Президент Құрылтайға ұлттық заңнаманы жаңа Конституцияға сәйкес келтіруді тапсырды
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына тиісті түзетулер енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа конституциялық жүйеге өту барысында бұрынғы Парламент негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды заңдарды қабылдаған.
Енді Құрылтай әр салаға қатысты заңнаманы мұқият саралап, оның Конституция қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуі керек.
Сонымен қатар Президент Құрылтай заң шығару үдерісінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.
Бұған дейін Сенат Мәжіліс қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін, құқықтық тұрғыдан дұрыстығын және нормалардың өзара үйлесімділігін тексеріп келген.
Мемлекет басшысы бұл жұмысты жаңа жағдайда жандандыру қажет екенін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript