Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Өзгерісті ең әуелі өзімізден бастауымыз керек

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 11:16 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстарға сапарында жалпы елдің мәселелерін көтеріп жүргенін айтты. Ол аймақтарда айтылған ой-пікірлерін бүгін Алматы жұртымен кездесуде қорытындылап өтті деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен облыстарға сапарымда жалпы елдің мәселелерін көтеріп жүрмін. Аймақтарда айтылған ой-пікірлерімді бүгін қорытқым келіп отыр. Біз жаңа қоғам құрып жатырмыз. Соңғы бірнеше жылда саяси реформа аясында көптеген өзгеріс жасадық. Бірақ, біз тек саяси мәселемен шектеліп қалмаймыз.Президент

Мемлекет басшысының айтуынша, алда экономикалық, әлеуметтік және басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыс тұр. Дегенмен түпкі мақсатымызға жету үшін бұл жеткіліксіз.

Біз өзгерісті, ең алдымен, өзімізден бастауымыз керек. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруымыз қажет. Әр азаматтың, бүкіл қоғамның санасы өзгермейінше, басқа реформаның бәрі бекер. Ұлттың жаңа сапасы жаңа құндылықтар арқылы қалыптасады. Осы орайда, мен халқымыз үшін маңызы жоғары қасиеттер мен құндылықтарға қысқаша тоқталайын.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы тоқталған бірінші маңызды мәселе - еңбекқорлық. Президенттің сөзінше, маңдай терімен табыс тапқан адам оны мақсатсыз шашып, ысырап қылмайды. Үнемшіл, қанағатшыл әрі ұқыпты болады.

Біз еңбекқор болуымыз қажет. Қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс. Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету. Түрлі қаржы пирамидасына, құмар ойындарға әуес адамдар ақшаның оңай жолмен келмейтінін түсінуі керек. Президент

Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісетінін жеткізді.

Халқымыз осындай күрделі заманда ең алдымен, әлемге прагматикалық көзбен қарауы керек. Жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет. Көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып, жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеріп жатыр. Олар, шын мәнінде, бәсекеге қабілетті еңбекқор адамдар. Қазіргі жағдайда мен бір жерде өмір сүремін, балаларыммен өмір бойы бірге тұрамын деген ұғым әбден ескірген. Сондықтан құрметті ағайын, бәріміз озық болайық! Сонда ғана жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, ойлары ұшқыр болады, көптеген сын-қатерге төтеп бере алады. Өз жағдайын өздері жасап, жақсы өмір сүре алады, - деп түйіндеді президент.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: