Бірқатар азамат президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды
Сурет: Zakon.kz
Ақорда Қазақстан Республикасы президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған азаматтардың есімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлер құрылысына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен Ә.Айдосұлы, А.Қ.Мұқанов, А.А.Сейітқалив, Б.Қ.Таңжарықов, А.С.Татиева, Р.Г.Бочоришвили, А.О.Дергунов марапатталды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін президент Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды наградтау туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript