Өзбекстан президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Тоқаев пен Мирзиеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 10:54 Сурет: akorda.kz
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын және стратегиялық серіктестік деңгейіне толық сай келетінін атап өтті.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: