Қазақстандықтар Президенттің ұлықтау рәсімін тікелей эфирде тамашалай алады

Қазақстандықтар Президенттің ұлықтау рәсімін тікелей эфирде тамашалай алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 11:30 Сурет: akorda.kz
26 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ертең, 26 қараша күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сонымен қатар "Ақорданың" әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады, - делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтті. Оған алты үміткер, оның ішінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2022 жылғы 22 қарашада ведомство отырысында елдегі президент сайлауының түпкілікті нәтижелерін жариялады. Сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Ол 81,31% дауыс жинады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: