Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын бекітті

Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2022 13:04 Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруды жалғастыру мақсатында мынаны қаулы етті:

Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілсін.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: