Тоқаев жолдауды іске асыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті
Атап айтқанда, мыналарды заңмен бекіту көзделеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң президент өкiлеттiгiн жүзеге асыру мерзiмiне саяси партиядағы мүшелiктi тоқтату мiндетi;
Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор басшылары лауазымдарын атқаруына тыйым салу;
Қазақстан Республикасы Президентінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау;
Қазақстан Республикасы Президентінің ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін қызметтен босату құқығын жою.
Сонымен қатар, республика заңнамасына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелерін партия қатарынан міндетті түрде шығару туралы ережені енгізу көзделген.
Жоспарды жүзеге асыру аясында әкімдер мен олардың орынбасарларының саяси партиялар филиалдарында қызмет атқаруына заңды түрде тыйым салу да қарастырылған.
Сонымен қатар, биліктің өкілді тармағын реформалау, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту, сайлау процесін жаңғырту жоспарлануда.
Сондай-ақ құқық қорғау институттарын күшейту жоспарлануда. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты оған сондай-ақ азаматтардың, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәселелері бойынша жүгіну мүмкіндігімен құрылатын болады.
Өлім жазасын жою туралы шешім Қазақстан Республикасының Конституциясында заңнамалық түрде бекітілетін болады.