Жаңалықтар тізбегі
0

Ғабидулла Оспанқұлов Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болды

Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Сурет: primeminister.kz
9 желтоқсан ҚР перзидентінің өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды," – Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта.

Ғабидулла Оспанқұлов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

Түрлі жылдары ҚР парламентінде, Президент әкімшілігінде, Екібастұз қаласының әкімдігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеген.

  • 2013 жылдан 2017 жыл аралығында Жастар ісі комитетін басқарды, ҚР БҒМ Жастар саясаты департаментінің директоры болды, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде жұмыс істеді;
  • 2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды;
  • 2019 жылдың тамыз айынан желтоқсан айы аралығында — Nur Otan партиясының хатшысы;
  • 2019 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды;
  • 2021 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз