Президент ЕАЭО кеңесінде еңбек миграциясы мәселесіне тоқталды

Тоқаев кеңесте, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 16:19 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек миграциясы мәселесіне де ерекше назар аудару қажет деп есептейді. Ол мұны 9 желтоқсанда Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, бүгінгі алмағайып заманда жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру рәсімдерін жеңілдету, еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер беру ісіне жаңа тәсілдер қажет.

"Қазіргі сын-қатерлер бұл саланың маңызды екенін айқындай түседі. Бір орында тұрып қалмай, жаңа тәсілдерді ұсыну маңызды. Соның ішінде жұмыс іздеу, жұмысқа орналастыру рәсімдерін жеңілдету, еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер беру ісіне жаңа тәсілдер керек. Азаматтар интеграциялық жобаның пайдасын толық сезінуі керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар Тоқаев Одақтың елдері арасындағы туризм мәселесі туралы да айтты.

"Тағы бір сала – туризм. Бұл бағытта Одақтың әлеуеті зор, туризмнің барлық түрі бізге қолжетімді. Халықтар арасында интеграцияны ілгерілетуге жағдай жасайық. Комиссия үкіметтермен бірлесе отырып, осы салада маңызды әрі шынайы жобаларды әзірлей алады".Қазақстан президенті
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: