Садыр Жапаров қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қырғызстан, Қазақстан, Тәуелсіздік күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 14:26 Сурет: akorda.kz
Садыр Жапаров пен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті. Қырғыз елінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді", деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: