Президент Ташкенттегі "Янги Узбекистон" саябағындағы "Тәуелсіздік" монументіне гүл қойды

Тоқаев Өзбекстанда, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 18:43 Сурет: akorda.kz
Монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Ташкент қаласының "Янги Узбекистон" саябағындағы "Тәуелсіздік" монументіне гүл қойды. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.

Айта кетейік, бүгін Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барған еді. 

Екі күндік сапар аясында Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: