Президент өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жөніндегі заңға қол қойды
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы 28 желтоқсан күні "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңғы қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заң экспортты, импортты, реэкспортты, транзитті, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлар саласында қызметтер көрсетуді бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Басты мақсат – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді сақтау және қарудың заңсыз айналымына жол бермеу.
Заң арқылы тәуекелдерді бағалау критерийлерін, мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын енгізу, сондай-ақ нақты тауарларды бақылау саласында жеке және заңды тұлғалардың делдалдық қызметтерді көрсетуіне бақылауды күшейту көзделген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript