Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Бақыт Нұрмұханов жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 15:04 Сурет: ortcom.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Бақыт Нұрмұханов 1979 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ол Қазақстан Республикасы Конституциялық cотының судьясы болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: