Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлан Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті Мақсат Қожабаев атқарып келген еді.
Сарқұлов Ұлан Серікұлы 1980 жылы 27 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келді.
Білімі:
РФ ФҚҚ Академиясын, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын тәмамдады.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментінде бастады.
2004 – 2006 жж. атташе, үшінші хатшы – РФ-дағы ҚР Елшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі.
Әр жылдары Маңғыстау және Қызылорда облыстары әкімдері аппаратында, ҚР премьер-министрінің көмекшісі, ҚР Президенті әкімшілігі Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
2015 жылдан ҚР парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript