Тоқаев елордадағы 360-тан астам үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында Астанадағы тозығы жеткен үйлер мәселесіне тоқталып, оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент соңғы кезде ескі және апатты жағдайда тұрған үйлерді сүріп тастауға қатысты жұмыс тоқтап қалғанын тілге тиек етті. Мемлекет басшысының сөзінше, оның орнына берілетін жаңа баспана саны 70 пайызға азайып кетті.
"Қазір Астанадағы 200 үй тұруға жарамсыз. Қаланың Асан Қайғы көшесін жаңарту бағдарламасы бар. Бірақ 5 жылдың ішінде осы көшедегі ескі үйлердің небәрі 14 пайызы ғана бұзылған. Жұрт ғимараттардың тығыз салынып жатқанына наразы. Құрылысы тоқтап тұрған үйлер әлі де бар. Үлескерлердің шағымы да көп".Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ Преиздент кейбір тұрғын үйлерге орталықтан жылу беру мәселесі шешілмегенін алға тартты.Соның кесірінен адамдар дайын тұрған баспанасына көше алмай отыр.
"Сондай-ақ 360 астам үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript