Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Байзақ ауданында жаңадан ашылған Көктал орта мектебіне барды

Президент оқушылармен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 16:56 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Байзақ ауданы Көктал ауылындағы орта мектепте болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы мектептің ұстаздар қауымымен әңгімелесіп, жаңа жайлы мектепте білім алып жатқан оқушыларға сәттілік тіледі.


"Сендер Қазақстанның болашағысыңдар. Мен жастарымызға қатты сенемін және оларды әрқашан қолдаймын. Өмірлерің табысты болсын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқу орны 2022 жылы пайдалануға берілген. Мектеп директоры Аят Сенбекұлының айтуынша, мұнда бүгінде 1207 бала білім алуда.

Үш қабатты мектеп ғимараты автономды газ қазандығы мен орталықтандырылған су құбырына қосылған.

Мектеп материалдық-техникалық жағынан толық жабдықталған: 32 оқу кабинеті, 4 компьютер кабинеті, 2 лингофон кабинеті, 1 роботтехника кабинеті, 1 спорт залы, шеберханасы, кітапханасы, медициналық пункті және асханасы бар. Мектепте маңайдағы ауылдардан қатынап оқитын балалар үшін көлік тасымалы ұйымдастырылған.

2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысында 9500 орындық 13 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның сегізі келесі жылы пайдалануға берілуге тиіс.

Жалпы, Президенттің тапсырмасымен 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында республика бойынша 800 мың оқушыға арналған 400-ден астам мектеп салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: