Тоқаев Степногорскідегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне болды
![Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 21:05](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-c62e3ee2-0622-4335-a15b-9b7a26f67e3b/800x450.webp)
Ақорда мәліметінше, онда бокс, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, футбол, шаңғы жарысы және самбо секциялары бойынша 1140 бала спортпен шұғылданады. Сабақты 30 жаттықтырушы-оқытушы жүргізеді.
![Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 21:05](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-09a7e298-402f-46b8-b172-7c181b32befe/800x450.webp)
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі тәрбиеленушілерінің оқу-жаттығу сабақтарын өткізетін ауыр атлетика залы мен үлкен ойын залы таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев мектепті аралап көргеннен кейін өңірдің белгілі спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесті.
![Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 21:05](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-c347dabc-84ba-4310-9d32-dbb1edc6891c/800x450.webp)
Сурет: akorda.kz
Президент қазақстандық спортшылардың өнерін әрдайым тамашалайтынын және қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ ірі жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін спортшыларға алғыс айтып, еліміздің шетелдегі имиджін арттыруға қосқан олардың үлесіне тоқталды.
![Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 21:05](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-0f4fc59e-607c-4372-b051-0b177168c4d4/800x450.webp)
Сурет: akorda.kz
Шара соңында Мемлекет басшысы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өткен Дүниежүзілік қысқы универсиада чемпионы биатлонист Бекентай Тұрлыбековке Алғыс хатын табыс етті.
![Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2023 21:05](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-23a5ab0b-0602-40eb-a3cc-7e4c86c8bf5b/800x450.webp)
Сурет: akorda.kz