Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы әңгімелесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 20:36 Сурет: akorda.kz
Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: