Тоқаев Конституциялық сот төрағасын қабылдады

ҚР президенті, Конституциялық сот төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 15:01 Сурет: akorda.kz
20 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Президентке Конституциялық сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: