Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Қазақтелеком" басшысына қалалар мен ауылдық жерлердегі телекоммуникация желілерін дамытуды тапсырды

Қазақстан, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы, «Қазақтелеком» , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 17:39 Сурет: akorda.kz
23 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобының 2022 жылы қол жеткізген негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері мен жүзеге асыруға жоспарлаған перспективті жобалары туралы мәлімет берілді, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, өткен жылы "Қазақтелеком" АҚ-ның негізгі қаржы және экономикалық көрсеткіштері өсті. Бұл биыл бірқатар ауқымды жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. Олардың негізгісі 5G желісін жүргізу жобасы болмақ. Аталған міндетті "МТС" ЖШС және "Кселл" АҚ операторларының консорциумы атқарады. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының еншілес компаниялары 2027 жылға дейін еліміз бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салуға тиіс. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында осындай 486 станция пайдалануға беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Әзербайжан – Қазақстан" бағыты бойынша Каспий теңізінің табаны арқылы тартылатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына қатысты халықаралық жобаны "AzerTelecom" компаниясымен бірлесіп жүзеге асыру жұмыстары жалғасатыны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар биыл ауылдарды одан әрі интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстан абоненттерін ескірген ADSL желілерінен оптикаға көшіру, көпқабатты тұрғын үйлерді GPON технологиясы арқылы жылдамдығы жоғары интернетке қосу секілді жобалар іске асырылады.
Президент халқымыз бен экономикамыз үшін жоспарланған жобаларды уақытылы және сапалы орындаудың маңыздылығына назар аударды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қалалар мен ауылдық жерлердегі телекоммуникация желілерін одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін халықаралық деректер трафигінде желілік инфрақұрылымды өркендету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: