Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Қазақтелеком" басшысына байланыс сапасына қатысты мәселені шешуді тапсырды

Президент қабылдауы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қуанышбек Есекеев, "Қазтелеком"  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 18:44 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелеком" АҚ Басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке "Қазақтелеком" компаниялар тобының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қызметінің негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері туралы есеп берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қуанышбек Есекеев бірнеше жайтқа ерекше тоқталды:

  • еліміздің телекоммуникация саласындағы ірі операторының былтырғы осы кезеңмен салыстырғандағы табысы 10 пайызға, ал таза пайдасы 16 пайызға өскен.
  • 5G желісін құру – "Қазақтелеком" үшін басымдықтардың бірі саналады. Бұл бастама аясында 2027 жылға қарай бүкіл ел бойынша 7 мыңнан астам базалық станция салынуға тиіс.
  • осы жылдың соңына дейін бесінші буын желісінің 782 базалық станциясын салу жоспарланып отыр.
  • Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Әзербайжанмен бірлескен жоба аясында Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық желі салу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды.

"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында компания 1200-ге жуық ауылды оптикалық технологиялар арқылы интернет желісіне қосуды және республикалық автожолдарды LTE технологиясы бойынша сапалы интернетпен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Сонымен қатар "Қазақтелекомға" байланыс сапасына қатысты проблемаларды шешу және Қазақстан қалаларындағы кең жолақты интернет желісімен қамтылмаған аймақтардың мәселесін тезірек ретке келтіру міндеті жүктелді. Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлердегі халықтың қала тұрғындары сияқты заманауи цифрлық қызметтер мен өнімдерге қол жеткізуге тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты компанияға тиісті инфрақұрылым құрылысының қарқынын арттыру тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: