Тоқаев Мирзиеевпен кездесті
![Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 19:27](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-2d94a43f-cbf5-4e01-83d0-38b663af38e4/800x524.webp)
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан президенттері екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың қазіргі жағдайын және оны нығайту перспективаларын өзара сенім, достық және тату көршілік рухында қарастырды.
Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр желтоқсан айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы сөз болды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.