Сандықтағы хат: Тоқаев өтініш-тілектерді орындайды

21 наурыз күні Мемлекет басшысы мерекелік іс-шарада "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.
Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript