Жаңалықтар тізбегі
0

Заңгер жылжымайтын мүлікті сыйға тартудың зейнеткерлер үшін қауіпті тұстарын атады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 23:22 pixabay.com
Адвокаттың айтуынша, қарт адамның өзін-өзі қорғаудың ең сенімді әдісі өсиетнама болып қала береді.

Қарт адамдар сыйға тарту шарты бойынша жылжымайтын мүлікті туыстарына беруді көбінесе жөн көреді, ал негізінен, мұндай тәсіл өте қауіпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы заңгер Иван Соловьев Риа Недвижимостьке берген пікірінде айтты.

Маманның айтуынша, көптеген зейнеткерлер құжатқа қол қойып, өмірінің соңына дейін пәтерінде алаңсыз өмір сүремін деп үміттенеді. Бірақ туыстарының қандай мінез-құлық танытып, көзқарасының бір мезетте өзгеріп шыға келмесіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Пәтерді сыйға тарту туралы келісімге қол қойғанда адамның бұдан былай оған құқығы жоқ екенін нақты түсінуі қажет, - деді Соловьев.

Ол бұл заңды құжат тек ерекше жағдайларда ғана жоюға болатынын еске салды. Пәтердің жаңа иесі сыйға тартушы адамға физикалық күш қолданып, зиян келтірген жағдайда ғана құжаттың ресми күші жойылмақ.

Адвокаттың айтуынша, қарт адамның өзін-өзі қорғаудың ең сенімді әдісі өсиетнама болып қала береді.

Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: