Оқушы қызбен танысамын деп басы бәлеге қалған жігіттің оқиғасына қатысты тың дерек шықты
Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желіде оқушы қызбен кездеспекші болған жігітті бір топ жасөспірім қамаулап, сұрақтың астына алып жатқаны туралы видео жарияланған болатын. Аталған оқиға Петропавл қаласында орын алғанын полиция растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"31 наурызда облыс орталығындағы мектептердің бірінің оқушысы кәмелетке толмаған қыздың атынан жалған аккаунт құрған. Осы аккаунттан хат алмасу барысында 26 жастағы қала тұрғынымен кездесу ұйымдастырылды, оған жасөспірім достарымен келген", делінген полиция хабарламасында.
Ер адам мен кәмелетке толмағандар өзара ұрсысып, жанжалдасқан. Іс жүргізу барысында полиция қызметкерлері шақырылды.
Бұл факт Петропавл қаласы ПБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелгені, кәмелетке толмағандармен заңды өкілдердің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілгені де нақтыланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript