Қоқыс жәшігімен банкоматты ұрып, бүлдірген ақмолалық жігіт видеоға түсіп қалған

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2023 20:55 Сурет: polisia.kz
Оқыс оқиға Ақмола облысының Атбасар ауданында тіркелді. Мас ер адам осы жолмен екі банкоматқа залал келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атбасар аудандық ПБ-ға банктік қызмет көрсету орталықтарының бірінің басшысынан арыз келіп түсті. Белгісіз адамның қаржы ұйымына тиесілі екі банкоматқа зақым келтіргені хабарланды. 

Шығын көлемі - 2,7 млн теңге.

"Қылмыскердің барлық әрекеттері банктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қылмысқа қатысы бар адам анықталды. Қазір істің басқа да мән- жайлары анықталып жатыр. ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", делінген полиция хабарламасында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: