Астанада лаңкестікті насихаттаған шетел азаматы сотталды
Сурет: pixabay
1997 жылы туған Тәжікстан азаматы М-ға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотталған " М "содырлар жағында қарулы жиһадқа" қатысу идеяларын елордадағы діндар адамдар арасында өз бетімен насихаттаған. Сонымен қатар, ол лаңкестерге ақша аударған.
"Елордалық соттың үкімімен шетелдік азамат кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 256 және 258 баптары ("Терроризмді насихаттау", "Террористік қызметті қаржыландыру") бойынша 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript