Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ЖОО ұстаздарына ғылыми атағы үшін қосымша ақы төленуі мүмкін

ЖОО, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 18:05 Сурет: freepik
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Акатов 27 сәуірде Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі ЖОО педагогтары мен ғылыми қызметкерлерді қолдау үшін заңға қандай шаралар енгізу ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр сенаторлар Ғылым және жоғары білім министрлігіне ғылым мәселелері бойынша түзетулер енгізуді ұсынғанын атап өтті.

Заң жобасының мақсаты - ғылым, ғылыми-техникалық қызмет және оның нәтижелерін коммерцияландыру саласында туындайтын қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық тетікті жетілдіру, ғылыми кадрларды, ғылыми қызметкерлерді даярлаудың құқықтық жағдайын сапалы деңгейде жақсартуды және олардың әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктерін іске асыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

Құжатта бес кодекс пен жеті заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

"Заң жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар және Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалық шешімімен мынадай түзетулерге қолдап дауыс берілді: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге, сондай-ақ ғылыми атағы үшін базалық және іргелі қаржыландыру шеңберінде негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге ғылыми атақтары үшін қосымша ақылар төлеу, атап айтқанда, "қауымдастық профессор" – 25 еселенген АЕК-ке дейін және "профессор" – 50 еселенген АЕК-ке дейін", – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, заң жобасында АҚШ, Ресей, Германия үлгісінде ұйымның бюджеттен тыс қаражаты есебінен орташа жалақыны сақтай отырып, бір жылға дейін демалыс беру ұсынылады. Бұл ретте шығармашылық демалыс 10 жылда бір реттен артық берілмейтіні атап өтіледі.

Сонымен қатар, жас ғалымдардың жасын 35 жастан 40 жасқа дейін ұлғайту және докторантурадан кейінгі бағдарламаларды, оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды гранттық қаржыландыру есебінен іске асыру ұсынылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: