Қостанайда есікті іштен құлыптап алған үш жасар бала үйде жалғыз қалып кеткен
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Қостанай қаласының полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды. Тәртіп сақшылары үйде жалғыз қалған 3 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Оның үстіне газплитадағы шәйнек қосулы болған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алған. Салдарынан анасы пәтерге кіре алмай қатты сасқан.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Абай Фазылов пен Алмас Сафин пәтерге балкон арқылы кіру туралы жедел шешім қабылдаған. Пәтер екінші қабатта орналасқан.
Полицейлер пәтерге кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Балақайдың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript