Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан есірткі мен қару табылды

Есірткімен күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 20:28 Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкерлері Сырдария ауданы, Шіркелі ауылының 44 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында 2 шелекке салынған ерекше иісі бар шөп және ішкі істер органдарында тіркелмеген бір қару анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 232 грамм "кептірілген марихуана" екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде", делінген Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасының хабарламасында.

Сонымен қатар, заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: