Қызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2024 13:55 Сурет: ҚР ІІМ
Кинология қызмет орталығының қызметтік-іздестіру итінің көмегімен полиция қызметкерлері Қармақшы ауданының тұрғынының сарайынан 1 қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат тапты.

Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: