Жыл басынан бері Конституциялық сотқа шамамен 2,7 мың адам жүгінген
Бұл ай сайын Конституциялық Сотқа әртүрлі мәселеге қатысты 500-ден астам азаматтың жүгінетінін көрсетеді.
Мысалы, Конституциялық сот қаңтар айында 826, ақпанда – 680, сәуірде – 568, мамырда 536 өтініш тіркеді, олардың көпшілігі Конституциялық заң талаптарына сәйкес келмеген.
Талдау көрсеткендей, өтініштердің 99%-ы азаматтардан келген, олар мына мәселелерді көтерген:
- сот шешімдерімен келіспеу – 42%;
- НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 25%;
- ақпаратқа қол жеткізу – 3,5%;
- еңбек заңнамасын сақтау – 1,3%;
- әлеуметтік қамсыздандыру – 1,4%;
- қылмыстық-атқару жүйесі – 1,4%.
Сурет: ҚР Конституциялық соттың баспасөз қызметі
Өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалаларының, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарының тұрғындары көш басып тұрғанын көрсетеді.
Қазіргі таңда 9 іс бойынша конституциялық іс қозғалды, тағы 44 іс судьялардың алдын ала зерделеуінде.
Конституциялық соттың 4 айлық қызметінде 11 нормативтік қаулы шығарылды, оның 8-і азаматтардың өтініші бойынша.