Биыл бес айда Конституциялық сотқа 3000-нан астам азамат жүгінген
Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс ғимаратында парламент палаталарының біріккен отырысы өтіп жатыр. Отырыста Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова ҚР Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөнінде баяндады.
Оның сөзінше, биыл бес айда 3000-нан астам азамат өз құқықтарын конституциялық қорғауға жүгінді.
"Бұл цифрлар азаматтардың жаңа органға деген жай ғана қызығушылығының дәлелі болып табылмайды, өтініш берушілердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғау ниетін растайды. Бұл ретте Қазақстан заңнамасында Конституциялық Сотқа жүгінгенге дейін құқықтық қорғаудың барлық басқа құралдарын қолдану туралы талап жоқ", - деді Эльвира Әзімова.
Келіп түскен өтініштердің жартысына жуығы (шамамен 41%) сот шешімдерімен келіспеуге қатысты. Төрағаның сөзінше, бұл ретте Конституциялық Сот сот шешімдеріне баға беруге құқылы емес екеніне назар аудару керек.
"Азаматтардан келіп түскен өтініштердің бір бөлігі сот актілерінің орындалмауына, тұрғын үй және еңбек қатынастарына, әлеуметтік қорғауға, жазалардың орындалуына, ақпаратқа қол жеткізуге, жеке тұлғалардың банкроттығына және тағы басқаларға қатысты. Өтініштердің төрттен бірінде ғана (26%) азаматтар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеруді сұрайды. 20 өңір бөлінісінде ең көп өтініштер Астана, Алматы қалалары мен Қостанай облысының тұрғындарынан келіп түсті. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын ұсынуға міндетті". ҚР Конституциялық сотының төрағасы
Эльвира Әзімованың айтуынша, осы кезеңдегі конституциялық іс жүргізу қорытындысы бойынша, өкінішке қарай, жекелеген нормативтік құқықтық актілерде елеулі олқылықтардың бар екені анықталды.
"Қабылданған он сегіз нормативтік қаулының бесеуінде нормалар конституциялық емес деп танылды. Тағы бесеуі бойынша Конституциялық Сот біркелкі құқық қолдану мақсатында тиісті нормаларға түсіндірме берді. Қазір үкімет пен мүдделі органдарға қажетті шаралар қабылдау ұсынылды", - деді төраға.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript