Оралда Сомалидан келген шетелдік тамада ұсталды

Көші-қон заңы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2023 18:45 Сурет: видеодан алынды
Ақтөбеден Оралға бара жатқан орта жолдан - Сырым ауданында 25 жастағы шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік жігіт Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті екен.


"Ұсталған азаматтың айтуынша, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында оқиды. Осы уақыт ішінде ол тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген. Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды", делінген хабарламада.

Материал сотқа жіберілді. Ендігі кезекте шетелдік азамат депортациялануы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: