Ақтөбеде полицейлер ақша бопсалаушы бір топ адамды ұстады

Ақша бопсалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 18:15 Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топтың ақша бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған тұлғалардың кәсіпкерден қомақты ақша сомасын бопсалағаны, сондай-ақ оларға Toyota Camry автокөлігін рәсімдеуді талап еткені анықталды.

"16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан патрондар мен 2 травматикалық тапанша және пышақ тәркіленді", делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 194-бабы 3-бөлігі "бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 Ұсталғандар қамауға алынды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: