ІІМ бұғатталды деген Kyzdar.net сайтының қалай жұмыс істеп тұрғанын түсіндіріп бере алмады

Жезөкшелік, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 18:56 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов Мәжіліс дәлізінде Kyzdar.net сайтына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ержан Сәденов интернет-ресурстарды, оның ішінде Kyzdar.net секілдісін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

"Шымкентте және басқа қалаларда осындай фактілер анықталды, ал қазір осы қылмысқа қатысты адамдар тобы жауапқа тартылуда. Сайт бұғатталған", - деді ол.


Алайда вице-министрге журналистер аталған сайттың әлі де жұмыс істеп тұрғанын шуласа жеткізді.

"Бірін бұғаттасақ, бірі пайда болады. Сайт анықталған кезде біз фактіні де анықтаймыз, ал бұғатталған сайттың мекен-жайы сақталуы мүмкін емес",- деп жауап берді вице-министр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: