Жаңалықтар тізбегі
0

"Kyzdar.Net" сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілері ұсталды

Жезөкшелік, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 18:36 Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі республика аумағында 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті. Олар "Kyzdar.Net" интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырғаны да нақтыланады.

"Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды (орташа алғанда жылына 2 млрд теңгеден асады). Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады", делінген хабарламада.

Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы туындыға жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған.

"Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды", делінген хабарламада.

Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің “Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық” деген 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


"Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қол жетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл қылмыстық топтың қоғамқа төндірген қаупі адамгершілік құндылықтарды аяқ асты ету және жезөкшеліктің таралуына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда".
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: