Полицейлер тоғыз жасар балаға судьяның көлігін өртеді деп күдік келтірген
31 мамыр күні таңертең Жаңақала ауылында белгісіз біреулер аудандық судьяның көлігін өртеп жіберді. Көліктің жанынан құқық қорғау өкілдері жанар-жағармайы бар пластикалық бөтелке мен қамысты тапты, деп хабарлайды Уральская неделя газеті. Судья өртенген көліктің оған тиесілі екенін растады. Полицейлер ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі, яғни "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша тергеуді бастады.
Өрттен кейін Жаңақала АІІБ полицейлері көпбалалы ана Раушангүл Бисенованың үйіне бас сұғады. Полицейлер әйелге оның тоғыз жасар баласы көлікті өртеп жіберді деп күдік келтірілетінін айтады. Бұл туралы жергілікті блогер өзінің Facebook-тегі парақшасында жазады.
Баланың анасы бейне үндеуде өз ұлының жасына байланысты бұл қылмысты жасай алмайтынын және сол түні баласының үйде болғанын айтады. Әйелдің видео үндеуі желіде жарияланды.
Осыдан кейін Жаңақала АІІБ полицейлері аталған отбасынан кешірім сұрады.