Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде қайғылы оқиғаға байланысты қоғамдық резонанс туды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 21:01 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде бойжеткен қаза тапты. Марқұмның туыстары қыз кісі қолынан қаза тапты деп күдіктенсе, полиция өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бабы бойынша іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбедегі әлеуметтік желіде 19 жастағы қыздың өлімі туралы ақпарат пайда болды. Қарама-қайшы қауесеттер мен пайымдар айтылып, аталған қайғылы оқиға қоғамда резонанс тудырды.

Іnstagram-дағы Aktobe_afishi аккаунтында қаза тапқан қыздың туыстары мен жақындарының сөздері келтірілген. Олар қызды зорлап, одан кейін өлтірген деп сезіктенеді. 

Тағы бір пайымға сәйкес, қыздың өзі 7-қабаттың терезесінен секіріп кеткен көрінеді.

Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша Ақтөбе қаласы ПБ № 1 қалалық полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді, яғни өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу. Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу аясында өзге ақпараттар жария етуге жатпайды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу барысы ПД басшылығының жеке бақылауына алынғаны да нақтыланады.

Бұған дейін Талдықорғанда білім бөлімінің бұрынғы басшысының денесі табылғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: