Жаңалықтар тізбегі
0

Кәрім Мәсімов жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды

Сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2023 18:11 Сурет: gov.kz
2023 жылы 16 маусымда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары Садықұлов, Ерғожинге қатысты жазаны өтеу мекемесін жоғары қауіптіліктен орташаға ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылы 24 сәуірдегі үкімімен К. Мәсімов пен А.Садықұлов ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Д. Ерғожин ҚР Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. М. Осипов ҚР Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

"Апелляциялық саты К. Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты соттың бірінші сатыдағы "жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтеу" үкімін "орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын өтеу" үкіміне өзгертті". Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық кодекстің 6-бабына сәйкес, сотталғандардың жағдайын жақсартатын заң кері күшке ие және соттардың қолдануы үшін міндетті.

"2023 жылы 21 мамырда күшіне енген ҚР Қылмыстық кодекстің 46-бабына енген өзгерістерге сәйкес, бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген, қасақана қылмыс жасағаны үшін 2 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылған адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тағайындалады (бас бостандығынан айыруға қарамастан)". Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалады.

Үкім заңды күшіне енді, деп сөзін қортындылады сот.

2022 жылы 6 қаңтарда ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да адамдар ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеудің аяқталғаны белгілі болды.

24 сәуірде Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты. Ол мүлкі тәркілене отырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылып, 18 жылға сотталды. Ол сатқындық, билікті күшпен басып алу және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

22 мамырда ҰҚК-нің бұрынғы басшысы үкімге қарсы шағым түсіргені хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: