БҚО-да сынақ полигонынан зардап шеккендер қандай көмекке іліге алады – ДСБ жауабы
Сурет: akorda.kz
БҚО-дағы Денсаулық сақтау басқармасы ядролық полигондардан зардап шеккен өңір тұрғындары тегін ем-дом ала алмайтындығы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ДСМ 07.10.2020 ж. №116 "Медициналық оңалту шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес медициналық оңалту көмегі қарастырылатын аурулардың тізімі бекітілді.
"Жаңақала ауданының оңалту орталығы кардиологиялық, травматологиялық, неврологиялық, пульмонологиялық бейіндегі науқастарға стационарлық деңгейде оңалтудың үшінші кезеңін ұсынады. Аурулардың тізбесінде "Капустян Яр", "Азғыр" полигондарына іргелес жатқан елдімекендерде тұратын адамдар санаты енбеген. Осыған байланысты аталған санаттағы тұлғаларды оңалту орталығына жолдау мүмкін емес". БҚО бойынша ДСБ баспасөз қызметі
Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, 2020 жылға дейін аталған санаттағы азаматтар бұл көмек түрін алып келген. Егер осы елдімекендердің азаматтарында жоғарыдағы ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес аурулар анықталып жатса, онда олар тіркелген жері бойынша сауықтыру үшін жолдамамен аталған орталыққа жіберілетіні де нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript