Президент сұйытылған газ және ТҮКШ-ға қатысты өзгерістерді қамтитын заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Депутаттар 20 маусымда бұл заң жобасын екінші оқылымнан кейін қабылдап, Президенттің қол қоюына жолдаған болатын.
Заңда Энергетика министрлігі тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді деп көзделеді.
Сондай-ақ құжатпен Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өз интернет-ресурсында газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары мен өнеркәсіптік тұтынушылар иелерінің тізілімін жүргізу және жариялау бөлігінде, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын келісу бөлігінде, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Энергетика министрлігіне сұйытылған мұнай газының айналымы туралы ақпарат беруі бөлігінде құзыреттері кеңейтіледі.
Айта кетсек, Президент бүгін электросамокаттар қозғалысына шектеу енгізетін заңға да қол қойған болатын.