Жаңалықтар тізбегі
0

100 мың теңгеден бәс тігіп, көлікпен жарысқан қос шымкенттік жігіт ұсталды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 18:26 Сурет: видеодан алынды
30 маусымда Шымкент қаласының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жол жүрісі қағидаттарының талаптарын өрескел бұзған Lada Grantа және Chevrolet Cobalt автокөліктері түсірілген бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қос жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданды.

"Lada granta автокөлігін тізгіндеушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі, 596-бабы 5-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі, 612-бабы 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылды", делінген полиция хабарламасында.

Ал Chevrolet көлігінің жүргізушісі ҚР Әкімшілік кодекстің 595-бабы, 599-бабы 1-бөлігі, 606- бабы бойынша жауапқа тартылды.

Айта кетсек, желідегі видеода екі жігіт капот үстіне 100 мың теңгеден қойып, жарысуға бәстеседі. Кім бірінші келсе, сол ақшаға ие болмақ. Одан кейін олар қала ішіндегі көшемен жүйіткіп, өзге көліктерге қауіп төндіреді. Тіпті, бірі "камераға түсіп қалдым" деп өкініш білдіреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: