Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында полицейлер ұрланған 2500 тонна жанар-жағармай ісі бойынша тергеуді бастады

Жанар-жағармай, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 19:39 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
27 маусымда Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті ЖШС директорының 2023 жылы мамыр айы мен 27 маусым аралығында 2 500 тонна жанар-жағармай материалдарының жоғалғаны туралы өтініші келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.


"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ЖШС-ның барлық қызметкерлерінен жауап алды. Нәтижесінде полицейлер осы ЖШС-да оператор болып жұмыс істеген 53 жастағы ер адамды анықтады. Оның іске қатыстылық деңгейі тексеріліп жатыр", делінген өңірлік полиция хабарламасында.

Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: