Жаңалықтар тізбегі
0

Төреғали Төрәлі алдындағы жазасына тағы 15 тәулік қосып алды

Төреғали, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 21:37 Сурет: Instagram/toregalitoreali
Танымал әнші Төреғали Төрәліге жол ережесін бұзғаны үшін тағы 15 тәулікке қамау жазасын қосып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша, әнші жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот 2023 жылдың 14 маусымында азамат А-ның Алматы қаласының көшелерінде автокөлік айдап жүріп, жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылғанын және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағанын анықтады.

Сот отырысында А. іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкініш білдірді.

Сот қаулысы бойынша А. ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігінде (жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылу) және ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігінде (полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот А-ны 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алды және 6 (алты) ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Полицейлер Төреғали Төреәліні 14 маусымда түстен кейін ұстады.

Полиция жетонына түскен кадрда әншінің өзін агрессивті ұстап, полицейлерге бағынбағаны, балағат сөздер айтқаны және оқиға орнынан қашуға тырысқаны көрінеді.

Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Әншінің адвокаты полицейлер Төреғали Төрәліні ұстау кезінде заңсыз әрекет еткенін айтты.

Кейінірек әншіге полицияның заңды талабын орындамағаны үшін тағы үш тәулік жаза қосылған болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: