Тоқаев кәсіптік біліктілік туралы заңға қол қойды

Кәсіптік біліктілік туралы , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 18:03 Сурет: akorda.kz
2023 жылы 4 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Кәсіптік біліктілік туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Айта кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіптік біліктілік туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдардың жобасын әзірледі.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, заң жобалары Ұлттық біліктілік жүйесінде белгілі бір кәсіп түрін немесе еңбек қызметінің түрін жүзеге асыруға үміткер жеке тұлғаның кәсіптік біліктілігін тану тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Сондай-ақ заң жобасында кандидаттардың кәсіптік біліктіліктерді тану рәсімінен өту құқықтары, кәсіптік біліктіліктерді ерікті негізде тану шарттары мен тәртібі айқындалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: