Конституциялық Сот заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды Ата заңға сәйкес келеді деп таныды
Сурет: ҚР Конституциялық соттың баспасөз қызметі
Конституциялық Сот Президенттің өтініші бойынша Парламент қабылдаған бірқатар нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкестігін тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Конституциялық Сот Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Конституциялық Сот туралы" Конституциялық заңының 23-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2023 жылғы 20 және 29 маусымда Парламент қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынған бірқатар нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексерді". ҚР Конституциялық сотының баспасөз қызметі
Атап айтқанда:
- "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "
- "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;
- "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімінің толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript