Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевқа қатысты сот отырысы басталды

Ермек Имантаев Сурет: Facebook/Ермек Имантаев
Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевқа қатысты сот отырысы басталды. Оған "Ақтөбе" ӘКК-ге басшылық еткен кезеңінде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін заңсыз иеленді деп айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымы мәліметінше, бұл арада "Ақтөбе" ӘКК-ге тиесілі жер учаскесін заңсыз сату жайы сөз болып отыр, келтірілген залал көлемі 100 млн теңгеден асады. Қылмыстық іс бойынша алдын-ала сот отырысы 10 шілдеде өтті.

"Айыпталушының адвокаттары соттан көптеген бұзушылыққа байланысты істі прокурорға қайтаруды сұрады, олар басты сот ісін бастауға кедергі келтіруі мүмкін дәлелдер келтірді. Қорғаушы тарап тергеу барысында өтініштерінің бір бөлігі қанағаттандырылмағанын, сонымен қатар айыптаушы тарап қылмыс алгоритміне қол қоймағанын жеткізді", делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, Имантаев өз адвокаттарының алға тартқан дәйектерімен келісті. Сондай-ақ адвокаттар соттан сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын үй қамаққа өзгертуді сұрады, себебі мамыр айында жүрегіне ота жасатқан ол оңалту шараларын қабылдауды қажет ететін көрінеді, ал тергеу изоляторында бұған жағдай жоқ. Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушы айыпталушының денсаулық жағдайы тергеу изоляторында болуна кедергі келтірмейді деп сендірді.

Судья Алданов сот процесін кейінге қалдырды және прокурорға адвокаттардың өтініштеріне, оның ішінде одан әрі бұлтартпау шарасы бойынша жауаптарды дайындауға уақыт берді.

Ақпан айында Ақтөбенің мамандандырылған тергеу соты Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты қамауға алу жөнінде санкция бергені белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: