Кентауда жасөспірім бейіт басындағы тастарды шимайлап тастаған

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 18:19 Сурет: pixabay
Кентауда бейіт басындағы тастардағы суреттерді жасөспірім шимайлап тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының тұрғыны өз бейнежазбасында мазараттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағанын жеткізген.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

"Теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық жасөспірім екені анықталды. Белгілі болғандай, жасөспірімнің үйі бейіт маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала, сол маңнан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады", делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: