Жаңалықтар тізбегі
0

Чехияда қазақ жауынгерінің есімі мәңгілікке жазылды

Чехияда қазақ жауынгерінің есімі мәңгілікке жазылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2024 10:31 Сурет: Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен, Чехияның Оңтүстік Моравия өлкесінің Костице селосындағы бауырластар зиратында жерленген қазақ солдаты Рақымжан Нұрмақсұтовтың есімі бейіт басындағы ескерткіш-тасқа қашалып жазылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылдың күзінде Қазақстанның Чехиядағы Елшілігіне Р.Нұрмақсұтовтың туыстары марқұмның жерленген жерін анықытағандары туралы хабарлап, оның есімін бейіт тасына жазуға көмектесу туралы өтініш білдірді.

Елшілік Чехияның Қорғаныс министрлігімен және жергілікті билік өкілдерімен бірлесе отырып, тиісті жұмыстар жүргізді. Осының нәтижесінде, марқұм жерленген зираттағы Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіш-тақтаға Р.Нұрмақсұтовтың да есімі жазылды.

Рақымжан Нұрмақсұтов 1924 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. 13-ші Гвардиялық Ровен атты әскер дивизиясының кіші сержанты, кавалерист. 1945 жылғы 14 сәуірде Костице селосы үшін болған сұрапыл ұрыста ерлікпен қаза тапты.

Аталған шараны салтанатты түрде ашу рәсіміне ҚР Елшілігінің дипломаттары, жергілікті билік басшылығы, майдангердің туыстары, сондай-ақ Чехиялық қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер қатысып, қазақ жауынгерінің ерлігін ұлықтап, рухына тағзым етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: